Ана мен бала денсаулығы – басты назарда
Көпбейінді облыстық аурухананың перинаталдық бөлімшесі – ана мен бала денсаулығын қорғауда заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін, жоғары деңгейде ұйымдастырылған құрылым.
Босану блогы
Бөлімшеде 4 заманауи босандыру залы жұмыс істейді. Әрбір босанушыға жеке жағдай жасалып, физиологиялық және экстрагенитальдық аурулары бар әйелдерді қауіпсіз босандыруға мүмкіндік қарастырылған.
Босану залдары:
- ұрықтың жағдайын бақылауға арналған заманауи құрылғылармен,
- көпфункциялы жаттығу кешендерімен,
- ыңғайлы босану төсектерімен жабдықталған.
Сондай-ақ, жаңа туған нәрестені алғашқы тексеруге арналған жылыту және оттегімен қамтамасыз ету жүйелері орнатылған.
Қамқорлық пен қауіпсіздік
Бөлімше қызметкерлері – тәжірибелі дәрігерлер мен акушерлер. Олар:
- босану кезінде психопрофилактикалық қолдау көрсетеді,
- барлық ем-шаралар туралы толық ақпарат береді,
-әр әйелге жеке көзқараспен қарайды.
Босану барысында:
- еркін қозғалу мен қалып таңдау мүмкіндігі бар
- заманауи жансыздандыру әдістері қолданылады
- құпиялылық толық сақталады
Бөлімшенің басты қағидаты – әрбір ананың қауіпсіздігі мен жайлылығы.
Серіктес босану
Жеке босану залдары әйелдің қалауына қарай жақын адамының қатысуымен босануға мүмкіндік береді.
Ана мен бала – бірге
Бала туғаннан кейін алғашқы 2 сағат анасының жанында болады. Кейін олар бірге болу бөлімшесіне ауыстырылады.
Бұл жүйе:
- ана мен бала арасындағы байланысты күшейтеді
-инфекция қаупін төмендетеді
- емізуді ерте бастауға мүмкіндік береді
Босанғаннан кейінгі бөлімше
30 төсек-орынға арналған бөлімшеде 2–3 орынды, барлық жағдайы жасалған палаталар бар.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
- заманауи перинаталдық технологияларды енгізу
- халықаралық қауіпсіздік стандарттарын сақтау
- аналарды күтім мен бала күтіміне үйрету
- ана сүтімен қоректендіруді насихаттау
- көрсетілетін көмектің сапасын тұрақты бақылау
Көрсетілетін қызметтер:
-ана мен бала күтімі бойынша кеңес беру
- жаңа туған нәрестелерге тексерулер жүргізу
- вакцинация және скрининг
-аудиометрия
- инфекциялардың алдын алу
- қажет болған жағдайда басқа медициналық ұйымдарға жолдау
Кәсіби команда
Босану процесін акушер-гинеколог, неонатолог және анестезиолог-реаниматолог мамандардан құралған білікті команда жүргізеді.
Бөлімшені жоғары санатты акушер-гинеколог Ержанова Арман Имангалиқызы басқарады.
Ұжым мақтанышы
Аға акушер Асемкүл Сұлтанбекқызы – өз ісінің нағыз маманы. Оның:
- кәсібилігі
-мейірімділігі
- жауапкершілігі
бөлімшеде сенімді әрі жайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.
Ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, аналарға психологиялық қолдау көрсетуде ерекше рөл атқарады.
Перинаталдық бөлімше – бұл тек медициналық көмек емес, бұл – жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам, қамқорлық пен сенімнің мекені.







