​АНА - ӘЛЕМНІҢ БЕСІГІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің бесігі» атты мерекелік салтанатты шара өтті. Анаға деген құрмет пен ілтипатты арқау еткен тағылымды кешке ақ жаулықты аналар, еңбек ардагерлері, түрлі сала мамандары мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қатысып, аймақтың барша аналарын, қыз-келіншектерін көктем мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде ананың қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтіп, отбасының берекесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың рөлі қашанда биік екенін жеткізді. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген бірқатар нәзік жандыларды марапаттады.

Көпбейінді облыстық арухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бержаппарова Гүлсім Балтабайқызы марапат төрінен көрінді.

Әйел бейнесі табиғаттың төрт мезгілімен – көктем, жаз, күз және қыс кезеңдерімен салыстырыла отырып сахналық тұрғыда өрбіді. Әр бөлім әйел адамның өмір жолындағы түрлі кезеңдерді, оның нәзіктігі мен мейірімін, даналығы мен сабырын бейнелейтін музыкалық және сахналық көріністер концерттік бағдарлама тамашалады.

Гүлсім Балтабайқызын мерекеде мерейін үстем еткен марапатымен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке берсін!