​АЛҒЫС – МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

Халықаралық мейіргерлер күні апталығы аясында көпбейінді облыстық ауруханасында ерекше әрі жүрекке жылы тиетін шара — «Алғыс қабырғасының» ашылуы өтті.

Бұл игі бастама аясында пациенттер өздерін емдеп, саулығын қалпына келтіруге себеп болған дәрігерлер мен барлық аурухана қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді. Ақ тілектер мен алғыс сөздерге толы қабырға — медицина саласындағы еңбектің қаншалықты бағалы әрі маңызды екенін айқын көрсетті.

Әрбір жазылған алғыс — ақ халатты абзал жандардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және адам өміріне деген шексіз жанашырлығына берілген үлкен баға. Бұл тек сөз емес, бұл — сенім, бұл — құрмет, бұл — өмір мен үміт сыйлаған жандарға деген жүрек үні.

Мұндай шаралар дәрігер мен пациент арасындағы сенімді нығайтып қана қоймай, медицина қызметкерлеріне жаңа күш, шабыт сыйлайды. Өйткені әрбір жылы сөз — олардың тынымсыз еңбегіне берілген ең үлкен марапат.

Денсаулық жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ақ халатты жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

#kzoМейіргерKZ #NursePrideKZ #МейіргерKZ #NurseKZ