​АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Көпбейінді облыстық аурухананың ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алаяқтық әрекеттерден сақтану мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Жумаев Сәкен Бауыржанұлы және осы басқарманың бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы қатысып, баяндама жасады.

Кездесу барысында мамандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ қазіргі таңда кең таралған алаяқтық түрлері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Іс-шара соңында аурухана қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.