АКАДЕМИК ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРДЫ

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас дәрігері, медицина ғылымының докторы, академик Баймаханов Болатбек Бимендіұлы Көпбейінді облыстық медицина орталығының мұражайын аралады. Аурухананың “Құрметті директоры” Тұрғанбай Маханұлы мұражайдағы аурухана мен дәрігерлер жетістігін таныстырып, естелік суреттер мен экспонаттарды көрсетті. Академик естелік кітапқа ақ тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.

”Өзім ең алғаш еңбек жолымды бастаған облыстық медицина орталығы әрқашан маған ыстық көрінеді. Әркез сіздердің жетістіктеріңізге сырттай қуанып жүрмін. Бұл мекеменің орны бөлек, тек аймақта ғана емес, бүкіл елімізге белгілі медицина орталығы. Әрқашанда биіктен көріне беріңіздер, жетістіктеріңіз көп болсын! Біз сіздерді мақтан етеміз. Осы мекеменің түлегі болғанымды мақтан етемін” деп жазды Болатбек Бимендіұлы.

Жиырма үш жылдық тарихы бар аурухана мұражайы бүгінде тарихтан сыр шертіп қана қоймай, жас мамандармен ем алушылардың Сыр медицинасы туралы мол ақпарат алатын рухани орынына айналды.