​7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

«Денсаулыққа бiрге! Ғылыммен бiрге!» ұранымен флешмоб өтті.

Денсаулық күні еліміз бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Осы орайда көпбейінді облыстық аурухана қызметкелері флешмоб өткізді. Іс-шараның басты мақсаты- денсаулықты сақтау, қоғам назарын өз денсаулығына аудара отырып, оған бей-жай қарамау. Денсаулық баға жетпес байлық . Әр күнімізді жақсы көңіл-күймен, белсенді өмір салтымен және дұрыс әдеттермен бастау маңызды.