5 СӘУІР - НЕОНАТОЛОГТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
5 сәуір - дәрігер неонатологтар күні, яғни ең кішкентай пациенттерге, жаңа туған сәбиге өмір мен денсаулық сыйлаушылар мерекесі!
Неонатологтар – жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресетін, олардың алғашқы тыныс алуына, күш-қуатының артып, салмақ жинауына және осы дүниеге алғашқы қадамдарын жасауға көмектесетін білікті мамандар.
Көпбейінді облыстық ауруханасы перинаталдық бөлiмiнде әрбір нәрестеге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарайтын жоғары білімдi неонатологтар жұмыс істейді.
Құрметті неонатологтарымызды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!







