452 ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ
8 тамыз – Халықаралық офтальмология күні
Көпбейінді облыстық ауруханада Офтальмология бөлімшесі бар. Онда бірінші және жоғары санатты 8 офтальмолог дәрігер жұмыс істейді. Офтальмологиялық бөлімше көздің алдыңғы және артқы сегменттерінің ықтимал патологиясын диагностикалау мен анализіне арналған ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Ауруханада жыл басынан бері 639 науқас емделді. Білікті мамандар 452 облыс тұрғынының көзіне ота жасады. Сонымен қатар, түрлі көз ауруына шалдыққан 19 бала мамандар қызметіне жүгінген.
Көз – адам организміндегі маңызды ағза. Біз айналамыздан негізгі ақпаратты көру арқылы аламыз. Мамандардың айтуынша, көз арқылы ағзаның көптеген жасырын проблемаларын білуге болады. Қант диабеттің ете белгілерін, онкологияның бастапқы проблемаларын, бассүйекішілік гипертензияның алғашқы белгілерін анықтауға болады, өйткені көз – мидың топографиясы сияқты.
Офтальмологтың қабылдауына емхана жолдамасымен немесе ақылы түрде Кеңес беру-диагностика бөлімшесі арқылы келіп көрінуіңізге болады: Тел: +7 (7242) 23-50-33
Офтальмологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!







