​17 мамыр — Халықаралық пульмонологтар күні

Бұл күн өкпе және тыныс алу жүйесі ауруларын анықтап, емдеумен айналысатын мамандардың еңбегіне құрмет көрсету үшін аталып өтеді. Пульмонолог дәрігерлер бронхит, пневмония, астма, өкпенің созылмалы аурулары сияқты дерттермен күресіп, адамдардың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Пульмонолог маманның кеңесі:

Тыныс алу жолдарының саулығын сақтау үшін темекіден бас тартып, таза ауада жиі серуендеу маңызды. Суық тию мен вирустық аурулардың алдын алып, иммунитетті күшейту қажет. Ұзаққа созылған жөтел, ентігу, кеуде тұсының ауыруы байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс. Уақытылы тексерілу өкпе ауруларының алдын алуға көмектеседі. Денсаулық — ең басты байлық!