​12 мамыр —Дүниежүзілік "Мейіргерлер күні" құтты болсын!

Бүгін көп бейінді облыстық ауруханада Дүниежүзілік "Мейіргерлер күні" салтанатты түрде аталып өтілді. Жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен аурухана басшылары құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.Көп бейінді облыстық аурухана директоры Н.Е.Амитов ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбектері үшін үздік мейірбикелерді Алғыс хатпен марапаттады.Салтанатты кеш аурухана қызметкерлерінің концертімен жалғасты.Марапаттарыңыз құтты болсын