Нәрестелер патологиясы мен жансақтау бөлімшесі

Бекжанова Индира Ерболатовна

Бөлім меңгерушісі,жоғары санатты неонатолог дәрігері

Жан сақтау және нәрестелер патологиясы бар бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Бөлімше экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерден босанған нәрестелерге (аз салмақта шала туылған, өте ауыр жағдайда туылған)тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді. Сондай ак аудандарда мамандандырылған көмекке мұқтаж жаңа туған нәрестелерге медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Көп бейінді облыстық ауруханасының неонотологтары аудандық кесте бойынша (Шиелі, Жаңақорған аудандарына) үздіксіз кураторлық көмек көрсетеді.

Нәрестелер көмек көрсететін бөлімше қызметі:

1.Нәрестелер жан сақтау бөлімшесі 6 төсек орынға арналған:

2.Жоғары тәуелді нәрестелер бөлімшесі 14 төсек орынға арналған:

3.Арнайы күтім нәрестелер бөлімшесі 30 төсек орынға арналған.

Босанып ана атанған әйелдерге, отадан кейінгі ауыр жағдайда жатқан босанушы әйелдің нәрестесіне ерекше күтім қажет етеді, сондықтан олар үшін өздерін үйіндегідей жайлы сезінетін қолайлы жағдайлар жасалған. Әрдайым дәрігерлер мен медбикелердің қолдауымен нәрестелер күтіміне көмек береді. Әйелдерге медицина қызметкерлерінің қарым қатынасы арқылы психологиялық көмек көрсету маңызды.

Бөлімшеде ультрадыбыстық диагностика,және ЭХОкардиография жүргізіледі, зертханалық және функционалдық диагностика мүмкіндіктері пайдаланылады.

Қажет болған жағдайда пациенттерді арнайы мамандар бірлесіп тексереді. ҚР ДСМ ұсынған диагностика және емдеу хаттамалары қолданылады.

Бөлім меңгерушісі — Бекжанова Индира Ерболатовна12 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты неонатолог дәрігер

Аға мейіргер –Курманаева Мейрамкул Ертлеуовна, 40 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты мейіргер.