​МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Онда аурухананың әйелдер қауымы мерекенің маңыздылығына тоқталды. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген дана сөз бар.

Батыр да жаужүрек аталарымыз ел тарихындағы небір сындарлы кезең, қиын замандарда жанқиярлық ерлік көрсете жүріп, бүгінгі бейбітшілік заманның негізін қалыптастырды.

Азаматтарымыздың майдандағы ерліктері мен тылдағы ерен еңбектерінің мәні мен маңызын жастардың зердесіне жеткізу, Отанымызды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалған аталарымыз бен аналарымызды еске алып, олардың өмір өнегесі мен ерлігін насихаттау.

Аурухананың арулары Құрметті директор Тұрғанбай Маханұлынан бастап, ұжымдағы барлық ер азаматтарды құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.