«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – БАЛА АРМАНЫНА АПАРАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!
Баланың мектеп табалдырығын алғаш аттауы – ата-ана үшін де, бала үшін де жүректе ерекше із қалдыратын ең маңызды сәттердің бірі.
Осы қуанышты сәтті балалармен бірге бөлісу мақсатында көпбейінді облыстық ауруханада «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында аурухананың кәсіподақ ұйымы мен аурухана әкімшілігі көпбалалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың және биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балалары бар аурухана қызметкерлеріне оқуға қажетті оқу құрал-жабдықтарына толы сөмкелерді табыстады.
Бұл – жай ғана сыйлық емес. Бұл – балаға деген қамқорлық, ата-анаға деген қолдау, кішкентай жүрекке сыйлаған қуаныш және үлкен арманға бастар жолға берілген ақ тілек.
Балаларға ізгі тілегін білдірген аурухананың директоры Жасұлан Баймаханов жаңа оқу жылында бүлдіршіндерге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, оқуда озат болуды және әрдайым биік белестерден көрінуді тіледі.
Бала жүзіндегі күлкі – біз үшін ең үлкен қуаныш. Ал оның арманына қолдау көрсету – баршамызға ортақ міндет.
Жаңа оқу жылы әр шаңыраққа бақыт, әр балаға жаңа білім мен жарқын жетістіктер әкелсін!
Барша бүлдіршіндерге ақ жол және сәттілік тілейміз!







