​КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕР – НӘЛІБАЙ НУРУЛЛА САЙФУЛЛАҰЛЫ

Көпбейінді облыстық ауруханасының №1 кардиология бөлімшесінің білікті дәрігері және қабылдау бөлімінің кезекші дәрігері – Нәлібай Нурулла Сайфуллаұлы.

Қабылдау бөлімшесінде науқастарды қабылдау, тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі. Науқастардың жүрек-қантамыр жүйесі бойынша жағдайын бағалап, тиісті медициналық көмек көрсетуге кардиолог дәрігер қатысады. Кардиолог дәрігер Нурулла Сайфуллаұлы 1996 жылы дүниеге келген. 2014-2019 жылдары Астана медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алып, 2019-2021 жылдары «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 2022-2025 жылдары аталған университетте «Кардиология» мамандығы бойынша кәсіби білімін жетілдірді.

Маманның медицина саласындағы еңбек жолы мейіргер және дәрігер-кардиолог қызметтерін атқару арқылы қалыптасты. 2023-2025 жылдары Астана қаласындағы №2 қалалық көпбейінді ауруханада кардиолог дәрігер болып еңбек етті.

2025 жылдың 21 қазанынан бастап Көпбейінді облыстық ауруханасының №1 кардиология бөлімшесінде кардиолог дәрігер ретінде қызмет атқарып келеді.

Нәлібай Нурулла Сайфуллаұлы қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаратын, кәсіби білімі мен тәжірибесін үнемі жетілдіруге ұмтылатын маман.

Дәрігер науқастармен қарым-қатынаста әдептілік пен ізеттілікті басты орынға қойып, әр пациентке сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды атқарып келеді.

Медицина саласындағы білікті мамандардың еңбегі – халық денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі.