​ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП & ЖАҢА ЖОСПАР

Көпбейінді облыстық ауруханада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы ұжыммен кездесті.

Жиында аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы ауруханада 11-ай бойы атқарылған іс-шаралармен таныстырды. Жыл басынан бері ауруханада 23 134 науқас ем алған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,2 артық. Басты жетістік — аурухана Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына ие болды. Аурухана жанынан 70 орындық перинатальды акушерлік бөлім ашылды. Заманауи үлгідегі МРТ аппараты алынып, аурухана бөлімшелері жаңа технологиялармен толықты.

Бұрын тек Алматы, Астана қалаларында жасалған күрделі оталар бүгін де өзіміздің ауруханада білікті дәрігерлер жасап жүр. Жыл басынан бері ашық жүрекке 150 ота жасалса, 6 рет бүйрек трансплантациясы жасалды. Жаңа күрделі оталар енгізіліп, республикалық шеберлік сағаттары өтті. Екі жедел-жәрдем көлігі берілді. Облыс әкімінің қолдауымен дәрігерлер шет елде тәжірибе алмасып, тағлымнамадан өтуде. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудегі көрсеткіштерде артып келеді. Жасұлан Болатбекұлы жаңа 2025 жылға арналған жоспарларымен де бөлісіп, сала басшысына алғысын білдірді.

Олжас Ермекұлы аурухана басшысы мен ұжымның жұмысына оң бағасын беріп, алдағы қызметтеріне де сәттілік тіледі. Аймақ басшысының және Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Жиын соңында Олжас Ермекұлы үздіктер қатарынан табылған бір топ әріптестерді марапаттады. Дәрігер-хирург Цой Вероника Антоновнаға облыс әкімінің Алғыс хатын және өз құттықтау хатын табыс етті. МРТ/КТ бөлімінің меңгерушісі Темирбаев Асқар Жанатұлы, № 1 терапия бөлімшесінің мейіргері Телибаева Гульбадам Нұрманқызы да аймақ басшысының алғысына ие болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты №2 терапия бөлімшесінің гастроэнтеролог дәрігері Рабатова Гульжанар Олдасынқызына және Гинекология бөлімшесінің мейіргері Жанжігітова Нұржамал мен Қабылдау бөлімінің мейіргері Динара Каренееваға және Жансақтау бөлімшесінің мейіргері Гүлмира Абиеваға, Паллиативті көмек көрсету бөлімшесінің шаруашылық иесі Улмекен Абуқызына және жүргізуші водитель Қожахметов Дархан Гажденбекұлына берілді.

Көпбейінді облыстық аурухана ұжымының мақсаты айқын. Жоспарлары берік. Жаңа 2025-жылан жылында жемісті қызмет етуге дайын.

ЖАҢА ЖЫЛ ТАБЫСТЫ ЖЫЛ БОЛСЫН!