​ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында көп бейінді облыстық ауруханада мерекелік іс-шара өтті.

Мекеме басшысы Нұридин Амитов барлық қызметкерлері өтіп бара жатқан жылды қортындылап, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Аурухананың қызметкерлері "Үздік бөлімше", "Үздік дәрігер", "Үздік мейіргер", "Үздік кіші буын қызметкері", "Үздік шаруашылық қызметкері" аталымдары бойынша марапат төрінен көрінді. Нейрохирургия бөлімшесі "Үздік бөлімше" болса, урология бөлімшесінің дәрігері Еркін Искаков "Үздік дәрігер" атанды. Ал "Үздік мейіргер" паллиативті көмек көрсету бөлімшесінің мейіргері Венера Асанбаева марапатталды. "Үздік кіші буын қызметкері" кісі қабылдау бөлімінің кіші буын медицина қызметкері Набира Тасжүрекова болса, "Үздік шаруашылық қызметкері" ретінде шаруашылық бөлімінің сантехнигі Алғатай Саменовтің мерейі үстем болды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа жыл игі істерге толы болсын!