​Жүктілер патологиясы бөлімшесі

Жүктілер патологиясы бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Бөлімше экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерге тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді.

Бөлімше айналысатын нозологиялар консервативті, жедел және шұғыл акушерияның барлық бағыттарын қамтиды. Бөлімшеге субкомпенсация және декомпенсация сатысындағы экстрагениталды аурулар, өт және зәр жолдарының тас аурулары, өршу сатысындағы жүйелік аурулар, жүктілік мерзіміне қарамастан ауыр дәрежелі созылмалы артериалды гипертензиялар (ХАГ), қан айналымы және жүрек – қан тамыр аурулары жатқызылады.

Бөлімшенің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-жүктіліктің қолайлы нәтижесін қамтамасыз ету. Сондықтан жүктілікті оның барлық кезеңдерінде талапқа сай жүргізу, босану жоспарын жасау-ананың денсаулығын сақтай отырып, сау баланың туылуын анықтайды. Дәл осы қағидаттарды әртүрлі акушерлік және экстрагенитальды патологиясы бар әйелдерге білікті көмек көрсетеді.

Ана болуға дайындалып жатқан әйелдер ерекше күтімді қажет етеді, сондықтан олар үшін өздерін үйіндегідей жайлы сезінетін қолайлы жағдайлар жасалған. Палаталар 2 жүкті әйелдерге арналған.

Бөлімшеде зерттеп-қарау, емдеу, жүктіліктің асқынуы және экстрагениталдық аурулары бар жүкті әйелдерді,босануға дайындау жүргізіледі.

Бөлімшеде ультрадыбыстық диагностика, доплерография, кардиотокография және электрокардиография жүргізіледі, зертханалық және функционалдық диагностика мүмкіндіктері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда пациенттерді арнайы мамандар бірлесіп тексереді. ҚР ДСМ ұсынған диагностика және емдеу хаттамалары қолданылады.

Жүктілік пен босанудың қолайлы нәтижесі, босану кезіндегі жүкті әйелдің эмоционалды жағдайы көбінесе перинаталды көмектің сауатты көрсетілуіне, медицина қызметкерлерінің болашақ анаға деген мейірімді қарым-қатынасына байланысты, психологиялық қолдау көрсету маңызды.

Жұмыс қабылдау кабинетінен басталады. Бұл жерге толғақпен немесе жүктіліктің асқынуы бар әйелдер келеді. Перзентханаға түсетін болашақ ананы бірінші кезекте кезекші дәрігер немесе акушер қарсы алады. Қабылдау кабинеті тәулік бойы жүкті,босанушы және босанған әйелдерге жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Қабылдау бөлім шұғыл және жоспарлы түрде қабылдау жүргізеді. Бөлімше халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген.

Пациент қабылдау кабинетіне келіп түскен кезде 3Н (Three H) триаж жүйесі бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізіледі. Іріктеу нәтижесінен кейін дәрігер қарап, бақылауы үшін тиісті аймаққа жіберіледі.

Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттердің 3 тобын ажыратады:

І топ (жасыл аймақ) – бұл топқа жоспарлы емдеуге қабылданған пациенттер;

ІІ топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесінде диагностикалық палатада бірнеше сағатқа бақылауға қалдырылған пациенттер, сондай-ақ диагнозын анықтау мен нақтылауға қалдырылған пациенттер;

ІІІ топ (қызыл аймақ) – шұғыл немесе қарқынды медициналық көмекті қажет ететін пациенттер. Шұғыл жағдайда дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен жабдықталған жедел ота бөлмесі жұмыс атқарады.

Медициналық ақпараттандырылған «SOS» бағдарламасы шұғыл жағдайда тез арада көмек көрсету үшін, медициналық көмек сапасын арттыру және уақытылы көмек көрсету мақсатында қажетті мамандарды қабылдау кабинетіне дер кезінде шақыруға арналған. «SOS» сигналдық батырмасы арқылы анестезиолог-реаниматолог, аға акушер-гинеколог, зертханашы, неонатолог шақырылады.