ЖАҢА ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ!
Көп бейінді облыстық ауруханасында травматологиялық бейіндегі науқастарға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында қосымша операциялық бөлім іске қосылды.
Жаңа операциялық бөлім заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда жарақаттар мен тірек-қимыл аппараты ауруларына байланысты жоспарлы және шұғыл хирургиялық оталар халықаралық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Жаңа операциялық бөлімнің іске қосылуы нәтижесінде операциялық қызметтің өткізу қабілеті айтарлықтай артып, жоғары технологиялық травматологиялық және ортопедиялық оталардың саны көбейді. Бұл өз кезегінде күту мерзімін қысқартып, өңір тұрғындарына көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ауруханада барлығы 1419 операция орындалды. Оның ішінде:
- 181 артроскопиялық операция;
- 165 жамбас буынына эндопротездеу;
- 251 тізе буынына эндопротездеу операциясы жүргізілді.
Жаңа операциялық бөлімнің іске қосылуы күрделі жарақаттар мен буын патологиялары бар науқастарға уақытылы хирургиялық көмек көрсетуге, емдеу нәтижелерін жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.







