​ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ӘР МИНУТ ҚЫМБАТ!

Инсульт – ми қан айналымының кенеттен бұзылуынан дамитын аса қауіпті жағдай. Ол ишемиялық және геморрагиялық болып екіге бөлінеді.

ИНСУЛЬТТІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:

- Беттің бір жағының қисайып кетуі;

- Бір қолдың немесе аяқтың әлсіреуі, жансыздануы;

- Сөйлеудің бұзылуы;

- Көрудің нашарлауы;

- Бас айналу, тепе-теңдікті жоғалту;

- Кенеттен қатты бас ауруының пайда болуы.

Осы белгілердің бірі байқалса, уақыт жоғалтпай 103 нөміріне хабарласу қажет.

Инсультке күдік болған науқас мүмкіндігінше тез арада инсульт орталығы бар ауруханаға жеткізіледі. Қабылдау бөлімінде науқастың жағдайы бағаланып, неврологиялық тексеру жүргізіледі және қажетті зерттеулер жасалады.

Компьютерлік томография инсульттің ишемиялық немесе геморрагиялық түрін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесіне қарай емдеу тактикасы таңдалады.

Ишемиялық инсульт кезінде тиісті көрсеткіштері бар науқастарға тромболитикалық терапия жүргізілуі мүмкін. Бұл – қан тамырын бітеген тромбты арнайы препарат арқылы еріту әдісі. Емді симптомдар басталғаннан кейінгі алғашқы 4,5 сағат ішінде жүргізу маңызды.

Ал ірі ми артериясы бітелген жағдайда механикалық тромбэктомия жасалуы мүмкін. Бұл әдіс арнайы катетер арқылы тромбты алып тастауға мүмкіндік береді.

ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

Сондықтан қан қысымын тұрақты бақылап, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және дәрігер тағайындаған емді уақытылы қабылдау қажет.

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАҢЫЗ!

Дәрігер Айжан Жаңабайқызының қатысуымен дайындалған бейнематериалда сөз болған екі пациенттен олардың суреттерін және денсаулық жағдайына қатысты ақпаратты аурухананың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялауға алдын ала келісім алынды.

Пациенттер өз денсаулығы туралы ақпараттың бейнематериал түрінде жариялануына келісім беріп, қазіргі таңда денсаулық жағдайларының жақсы екенін атап өтті.