​Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада «Дүниежүзілік демі кпемен күрес күніне» орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің бұйрығына сәйкес, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараның мақсаты — жалпы тәжірибелі дәрігерлердің, терапевт, педиатр, аллерголог және пульмонолог мамандардың бронхиалды демікпені ерте диагностикалау, емдеу және бақылау бойынша білімін жетілдіру, ақпараттандырылуын арттыру.

Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Испаева Жанат Бахитовна «Бронхиалды астмасы бар науқастарды кешенді жүргізу: диагностика, емдеу, бақылау» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының штаттан тыс бас аллергологы Смаханова Айнұр Қорғанбекқызы «ТБА-мен (ауыр бронхиалды астмамен) ауыратын науқастың клиникалық жағдайы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Ал аллерголог-иммунолог дәрігер Бостанов Әділет Серікұлы «Ауыр бронхиалды астмасы бар науқасты бағдарлау» тақырыбында мазмұнды баяндама оқыды.

Конференция барысында білікті мамандар тәжірибе алмасып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты. Іс-шара медицина қызметкерлері үшін пайдалы әрі мазмұнды шара болды.