​ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Көп бейінді облыстық ауруханада «Оптиконейромиелит спектріндегі аурулар және Миастения Гравис: өзекті мәселелер мен клиникалық тұрғыдан шешу тәсілдері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шара «ҚР ересек халыққа неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы» бұйрықты орындау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мамандарының қатысуымен өтті.

Семинардың мақсаты – ересек халыққа неврологиялық көмек көрсетудің сапасын арттыру және клиникалық тәжірибеде тиімді шешімдерді енгізу.

Семинарға облыс бойынша медициналық ұйымдардың невропатолог дәрігерлері қатысты. Олар заманауи диагностикалық және емдеу тәсілдері талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Қатысушылар пайдалы ақпарат пен кәсіби тәжірибемен бөлісіп, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!