ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМІ

Бөлімше меңгерушісі Кальманова Айман Баймухановна

Госпиталдық фармация бөлімі – стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі. Ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бөлімге түскен сәттен бастап пациенттің дербестендірілген пайдалануы үшін берілгенге дейін олардың айналымын тиімді басқаруға жауапты.

Бөлімшенің басты мақсаты – пациенттерді дәрілік препараттармен уақытылы, сапалы әрі қауіпсіз қамтамасыз ету.

Госпиталдық фармация бөлімшесінің негізгі міндеттері:

  • медициналық ұйымның дәріхана қоймасына түскен сәттен бастап пациентке берілгенге дейін дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық бұйымдардың (МБ) қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ету;
  • пациенттерді дербестендіру мақсатында жеке QR-код бере отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әрбір бірлігін таңбалау;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пәндік-сандық есепке алу және сақтауды ұйымдастыру;
  • дәрілік заттар бойынша дәрігерлерге өзекті ақпарат беру және т.б.

Медициналық көмекті үздіксіз көрсету мақсатында госпиталдық фармация бөлімінің жұмысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін тәулік бойы ұйымдастырылған.