ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Маханова Ғалия Тұрғанбайқызы
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санаттағы дәрігер
Бөлім 25 төсекке жабдықталған, 12 – оталық, 13 консервативті емдеу әдісі мен жүктілікті жасанды үзу арқылы емдеуге арналған.
Акушерлік-гинекологиялық қызметі облыстық ауруханада пайда болуымен дамуы 1925 жылы Қызылорда қаласында ұлттық аймақтық, құрамында барлық маманданған бөлімі бар, соның ішінде 25 төсектік акушерлік-гинекологиялық бөлімі бар клиникалық аурухананың ашылумен тығыз байланысты.
1953 жылы қосылған аурухана құрамында 50 төсектік туу үйі ашылды. Акушер –гинекологиялық бөлімнің ары қарай дамуы мүмкіндігі 1967 жылы қалада жана типтік облыстық аурухана құрылысымен байланысты болды, сол жерде 60 төсектік гинекологиялық бөлім жабдықталды.
Қазіргі уақытта гинекологиялық бөлім көп бейінді облыстық ауруханасында орналасқан. Акушер-гинекологиялық қызметі ауруханада әртүрлі жоғары санаттағы мамандар Егорова М.Г, Голубева Т.Ф, Елемесова А.Т басқарды. Акушер-гинекологиялық қызметтің дамуына, тек қана біздің облыста ғана емес Қазақстан Республикасы бойынша елеулі үлес қосқан Қазақстаның еңбек сіңірген дәрігері, республиканың Жоғарғы Совет депутаты, ССРО –ның денсаулық үздігі жоғары санаттағы дәрігер Егорова М.Г. 1937 жылдан 1972 жылға дейін гинекология бөлімін үздіксіз меңгере отырып, облыстық бас акушер-гинеколог қызметін бірге атқарды. 1972 жылдан 1991 жылдарда гинекология бөлімін жоғары санаттағы дәрігерлері, денсаулық үздіктері Яковлева М.В, Давыдова Н.К, Елемесова А.Т басқара отырып, осы қызметтің дамуына айтарлықтай ұлес қосты. Бөлімнің негізгі жұмыс бағыты –оталық ем. Бөлімшеде барлық әйел жыныстық жолының ауруларырының заманауи диагностикалық әдістері қолданылады.
- Ультра дыбыстық транс-абдоминальді және транс-вагинальді зерттеу әдісі
- Диагностикалық лапароскопия
- Гистероскопия
- Заманауи лабораториялық зерттеулердің барлық түрі
- Гистеросальпингография
Бөлім мамандарымен барлық көлемдегі гинекологиялық оталар жасалады:
- Аналық қосалқыларға ота
- Жатыр алынуы
- Жатырдың төмендеуімен түсуіне байланысты пластикалық оталар
Бөлімшеде жатыр миомасы және эндометриозында жоспарлы оталыр жасалады:
- Консервативті миомаэктомия (миоматозды түйіндерді алу)
- Жатырдың қынаптан жоғары ампутациясы қосалқысымен және қосалқысыз
- Жатыр экстирпациясы(пангистероскопия)
- Жатыр гиперпластикалық процестері және жатыр ісіктерінде –жатыр экстирпациясы
Аналық бездің кистасымен ісіктерінде:
- Аналық без резекциясы
- Қосалқы алынуы
Жатырдың төмен түсуі мен төмендеуінде, жатыр мойнының өзгерістерінде:
- Жатыр мойны және қынап қабырғасының пластикасы
- Манчестерлік ота
- Қынаптық жолмен жатыр экстирпациясы
Лапароскопиялық жолмен жасалатын оталар:
- Ұрықсыздықтың әртүрлі түрлерінде
- Жатырдан тыс жүктілікте
- Аналық бездің және жатыр түтікшесінің ісіктік түзілістерінде (гидросальпинкс, сактосальпинкс, гемотосальпинкс);
- Кіші жамбас қуысының жабысқан процестерінде
1998 жылдан бөлімшеге эндоскопиялық әдістеме енгізілді: диагностикалық лапароскопия, іс жүзінде гистероскопиялық зертеулер кеңінен енгізіліп және толық игерілді, кальпоскопия, және жатырмен қосалқыларға эндоскопиялық оталар. 2010 жылы бастап жатыр субмикозды миомасы түрінде жатыр артериясы эмболизациясы эндоваскулярлы хирургтармен бірге жасалады.
Заманауи медициналық әйгілі Карл Шторц және Рихард Вольф секілді фирмалардың құрылғылары арқылы мүшелерді сақтай отырып жасалатын хирургиялық оталарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Бөлімшеде заманауи емдеу әдісі қабыну ауруларын емдеу және ұрықсыздықты емдеуде физиотерапия, озонотерапия, плазмофереза, гипербарикалық оксигенация мүмкіндікті пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімше дәрігерлері санитарлық авиация жүйесімен жұмыс жасай отырып облыстың барлық аудандарына қызмет жасайды. Даму жоспары бойынша ары қарай техникалық базаны жақсарта отырып, жатырлық зерттеулерді қолдану және емдеу, қызметкерлердің кәсіби дағдысын жоғарылату.
Байланыс телефондары:
+7 (7242) 23-51-50
+7 (7242) 23-52-78
+7 (7242) 23-51-96
Ішкі нөмірлер 128, 151, 290