​Гастроэнтерология бөлімшесі

Гастроэнтерология бөлімшесі – көпбейінді облыстық аурухананың жоғары мамандандырылған стационарлық бөлімдерінің бірі. Бөлімше асқазан-ішек жолдары, бауыр және өт шығару жүйесі, бронх-өкпе жүйесі мен аллергиялық аурулары бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетеді. Заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған кешенді қызмет атқарады.

Бөлімше меңгерушісі: Жундабекова Дүйсенкүл Кемербайқызы – жоғары санатты дәрігер.

Бөлімшенің құрылымы

Бөлімше 25 төсек орыннан тұрады:

12 – гастроэнтерологиялық төсек орын

8 – пульмонологиялық төсек орын

5 – аллергологиялық төсек орын

Гастроэнтерологиялық қызмет

Бөлімшеде келесі аурулары бар науқастар ем қабылдайды:

Әртүрлі этиологиядағы бауыр циррозы

Бейспецификалық ойық жаралы колит

Крон ауруы

Созылмалы панкреатит

Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы

Бауырдың аутоиммундық аурулары

Емдеу барысында:

Протондық помпа ингибиторларының инъекциялық түрлері

Биологиялық терапия

Бауыр трансплантациясына дайындау

Заманауи диагностикалық және емдік процедуралар қолданылады.

Пульмонология және аллергология қызметі

Бөлімшеде төмендегі аурулар емделеді:

Бронхит

Бронхиалдық астма

Пневмония

Өкпенің бронхоэктаз ауруы, Идиопатиялық фиброзды альвеолит, Әртүрлі аллергиялық патологиялар

Аллергиялық аурулар:

Ринит

Синусит

Бронхиалдық астма

Есекжем

Дерматит

Дәрілік және тағамдық аллергия

Диагностика және емдеу әдістері

Жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулер

Иммунологиялық зерттеулер, Рентгенологиялық зерттеулер, Эндоскопиялық зерттеулер

Спирография

Пикфлоуметрия

Фибробронхоскопия

Небулайзерлік терапия

Астма кабинеті

Астма кабинетінде науқастарға:

Ингаляторларды дұрыс қолдану

Небулайзерді пайдалану

Пикфлоуметрия арқылы өзін-өзі бақылау әдістері үйретіледі.

Бөлімше дәрігерлері

Д.К.Жундабекова – бөлімше меңгерушісі, дәрігер-гастроэнтеролог (еңбек өтілі – 35 жыл)

Г.Рабатова – дәрігер-гастроэнтеролог

А.К.Смаханова – дәрігер-пульмонолог

М.С.Дильдабаева – дәрігер-гастроэнтеролог

Н.П.Жылқайдарова – дәрігер-пульмонолог

А.И.Басқынбаева – дәрігер-аллерголог

Гастроэнтерология бөлімшесі – жоғары білікті мамандар қызмет атқаратын, заманауи диагностика мен емдеу әдістері енгізілген мамандандырылған бөлімше.

Бөлімше асқазан-ішек, бауыр, өкпе және аллергиялық аурулары бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп, олардың денсаулығын жақсартуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді ем жүргізеді.