ФИЗИОТЕРАПИЯ – САПАЛЫ ОҢАЛТУДЫҢ НЕГІЗІ
8 қыркүйек — Дүниежүзілік физиотерапевт күні!
Ең алғаш 1951 жылы Копенгагенде Дүниежүзілік физикалық терапия конфедерациясы (WCPT) құрылды. Содан кейін ол Дүниежүзілік физикалық және оңалту медицинасы күнін ұйымдастыруды бастады.
Физикалық оңалту — физикалық жаттығуларды,аппараттық әдістерді, физиотерапиялық жабдықтарды емдік және профилактикалық мақсатта пациенттер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын, физикалық жағдайын және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірудің кешенді процесінде қолдану.
Қазіргі заманғы физикалық және оңалту медицинасы бұл тек қолмен әсер ету жиынтығы емес. Ол әртүрлі мамандандырылған әдістерден тұратын күрделі терапевтік кешен.
Көпбейінді облыстық ауруханада қажетті медициналық құралдармен жабдықталған физиотерапия бөлімшесі жұмыс істейді.
Бөлімше меңгерушісі — Валишаева Сәулет Кабибуллина.
Білікті мамандардан құралған бөлімше емделушілер мен облыс тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп, олардың денсаулығын қалпына келтіруге өз үлестерін қосып келеді.
Физиотерапия — емдеу үдерісін толықтырып қана қоймай, адамның денсаулығын нығайтуға, ағзаның қалпына келуіне және өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды медициналық бағыт.
Барлық әріптестерімізді Дүниежүзілік физиотерапевт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жауапты еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер, мықты денсаулық және әр пациенттің алғысына бөленуді тілейміз!
Еңбектеріңіз еленіп, әр жасаған көмектеріңіз адам денсаулығына шипа болсын!







