Эндокринология

Цхай Елена Павловна

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер

Эндокринология бөлімшесі

Көпбейінді облыстық ауруханасы директорының №326 бұйрығымен 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап қайта ашылды .Бұл бөлімде 20- эндокринология, 2- гематология, 3-токсикологиялық төсек орналасқан. Бөлімше науқастарға стационарлық медициналық көмекті қолданыстағы заңнамамен және нормативтік құжаттармен алдын ала ескерілген көлемде кепілдік бағдарлама бойынша ұсынады.

Эндокринология бөлімшесі — ішкі секреция бездерінін ауруларын диагностикалау, емдеу жэне алдын алу жумыстарын жургізетін медициналык курылым. Бул белімшеде гормондык жуйенін бузылыстары бар наукастарга арнайы көмек көрсетіледі

Эндокринология бөлімшесінде ен жиі кездесетін ауруларга кант диабеті, калканша безінін аурулары (гипотиреоз, гипертиреоз) буйрек усті безі патологиялары, гипофиз аурулары, семіздік жэне остеопороз жатады Аталган аурулар адам агзасындагы гормондык тепе-тендіктін бузылуымен байланысты.

Бөлімшеде заманауи диагностикалык әдістер колданылады. Оларга гормондарга кан талдауы, ультрадыбыстык зерттеу (УДЗ) компьютерлік томография (КТ) магнитті-резонансты томография (МРТ жатады. Сонымен катар, кандагы глюкоза денгейі мен гликирленген гемоглобин анықтау жүргізіледі.

Қант диабетін (әсіресе 2-тип) емдеуде соңғы жылдары емдеу тәсілі қатты өзгерді. Қазір тек қантты түсіру емес, жүрек, бүйрек, салмаққа әсер ететін заманауи препараттар қолданылады.

* Қазіргі ең жаңа препарат топтары

1. GLP-1 рецептор агонистері (ең заманауи топ)

Мысалдар: семаглутид, дулаглутид, лираглутид

Инсулин бөлінуін күшейтеді

Тәбетті азайтады → салмақ түсіреді

Жүрек ауруларынан қорғайды

Аптасына 1 рет егу (кейбірі таблетка түрінде)

2. SGLT-2 ингибиторлары

Мысалдар: эмпаглифлозин, дапаглифлозин

Артық қантты зәрмен шығарады

Салмақты азайтады

Бүйрек пен жүректі қорғайды

3.Ультраұзақ әсер ететін инсулиндер

Мысал:деглудек,гларгин (жаңа формалары U-300)

* Ерекшелігі:

24–42 сағат әсер етеді

Қанда қантты тұрақты ұстайды

Гипогликемия аз

*Қазіргі базалық емнің “алтын стандарты”

3. Өте жылдам әсер ететін инсулиндер (Ultra-rapid)

Мысал: жылдам аспарт (Fiasp) жылдам лиспро (Lyumjev)

* Ерекшелігі:

Тамақтан кейін тез әсер етеді

Қантты тез түсіреді

Помпаға өте ыңғайлы

Емдеу шаралары кешенді турде жургізіледі Наукастарга медикаментозды терапия гормондык препараттар, кант төмендететін дәрілер), инсулин терапиясы, емдік диета жэне өмір салтын өзгерту усынылады Сонымен катар, аскынулардын алдын алу жене наукастарды окыту манызды орын алады.

Эндокринология бөлімі ағзадағы гормондық жүйенің дұрыс жұмыс істеуін бақылап, ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Ерте анықтау мен дұрыс ем – науқастың өмір сапасын жақсартады.

Эндокринология бөлімі құрамындағы гематологиялық төсек орнында : темір жетіспеушілік, ВитВ12 жетіспеушілік және фолий қышқылы жетіспеушлігі салдарынан дамыған қан аздық диагнозымен науқастар стационарлы ем алады. Стационарда науқастарға толық диагностика (қан аздық түрін анықтау) жүргізіліп, анықталаған қан аздық түріне байланысты ем тағайындалып, қажеттілігіне қарай гемотрансфузия жасалынады.

Токсикология бөлімінде адам ағзасына түскен улы заттарды анықтау, диагностикалау және емдеу шаралары жасалады. Бұл бөлімде жедел улануларды (дәрі-дәрмек, алкоголь, химиялық заттар) анықтау үшін химия-токсикологиялық талдаулар жүргізіліп, уды бейтараптандыру және ағзадан шығару емдері көрсетіледі.Токсикология бөлімінде атқарылатын негізгі жұмыстар:Диагностика: Пациенттің қанынан, несебінен немесе асқазан шайындысынан улы заттың түрін анықтау.Жедел емдеу: Улану белгілерін жою, детоксикация (ағзаны тазарту) шараларын жүргізу.Химия-токсикологиялық сараптама: Заттардың уытты әсерін зерттеу және зертханалық талдау жасау.Профилактика: Уланудың алдын алу шараларын ұйымдастыру.Бөлім мамандары (токсиколог дәрігерлер) адам ағзасына тиген зиянды әсерлерді жоюмен айналысады.

Эндокринология бөлімшесін жоғары санатты эндокринолог дәрігер Цхай Елена Павловна басқарады. Бөлімшеде келесі дәрігерлері жұмыс атқарады:

М.С. Бодыкова– дәрігер эндокринолог

Л. И. Шукирова–дәрігер-гематолог

Б.Сұлтан -дәрігер-токсиколог

Бөлімше қызметкелері жыл сайын Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан, қайта даярлаудан өтеді.

Біздің мекен –жайымыз:

Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі № 72

Байланыс: +7 (7242)23-51-50