​Бүйрек үсті безінің кішіинвазивті хирургиясы

Науқас К 65 жаста КБОА-ң урология бөлімшесіне жоспарлы түрде «Сол жақ бүйрек кистасы» диагнозымен келіп түсті. Түскен кездегі шағымдар: Сол жақ бел аймағында ауырсынуына, АҚҚ жоғарылауына және жалпы әлсідікке шағымданды.Науқастың анамнезінен өзін 2 жылдан бері шағымдар мазалаған. Жергілікті емханада тексеру кезінде УДЗ-да сол жақ бүйрек кистасы анықталған. Диагнозды нақтылау үшін бүйрек КТ тағайындалады. КТ қорытындысы: Сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінің кистасы. Көлемі 12,0х10,0х11,0см.

Науқас өз бетінше Астана қаласында клиникаға қаралған, бірақ науқаста киста көлемінің тым үлкен болуына және де қауіпті жерде орналасуына байланысты оперативті емнен бас тартқан. Содан соң науқасты жергілікті емхана жолдамасымен жоспарлы оперативті емге Қызылорда облыстық көпбейінді аурухананың урология бөлімшесіне жолданған.

Науқас стационарға жатқаннан соң дәрігерлер кеңесінде тақыланып, КТ суреттері қайта қаралып, киста сол жақ бүйрек үсті безінен шығып тұрғаны анықталған. Сонымен қоса киста көлемінің үлкендігінен сол жақ бүйректі төмен ығыстырып сол жақ бүйректің қызметін төмендеткен. Сондай-ақ кистатың жоғарғы жағы талаққа тығыз жабысқаны белгілі болды.

Бұл жағдайдың күрделілігін және киста көлемінің үлкендігін ескеріп Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Медицина ғылымының кандидаты С.Б.Пазыловтың қатысуымен консилиум өткізілді.Науқасты қарап мән-жәйді ескеріп науқасқа «Лапароскопиялық адреналэктомия» отасын жасау керектігі ұйғарылды. Лапароскопиялық ота – бұл бүкіл медцицина әлемі қолдайдын әдіс болып табылады.

Бұл әдіс минимальды инвазивті және науқасқа жарақат аз әдіс. Отадан кейіңгі асқынулардың пайызы төмендейді. Бұл отаның түрі отадан кейін 1-ші тәулікте науқастарды орнынан тұрғызып толық қанды жүргізуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде науқастардың ерте реабилитациясы қол жетімді болады.

Ота алды дайындықтан кейін жалпы жансыздандыру арқылы науқасқа «Лапароскопиялық адреналэктомия» отасы жасалды. Ота кезінде кистаны тотальды алынып тасталды. Ота ұзақтығы 50 мин. Қан жоғалту көлемі – 10 мл.

Қазіргі таңда науқас жалпы палатаға ауыстырылды.

Ота бригадасы:

Оташы: Пазилов С.Б.

Асисстент: Искаков Е.К.

Анестезиолог: Сатмагамбетов А.К.

Мейрбике: Беккожа А.С.