​Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасында "Дүниежүзілік бүйрек» күніне арналған Ашық есік күні өтті.

Кеңес беру және диагностика бөлімшесінде 150 адамға кеңес берілді, оның ішінде 22 адамда бүйрек жетіспеушілігінің бастапқы дәрежесі анықталды.

Біздің мақсатымыз – созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарды ерте анықтау және динамикалық бақылау.

Қызылорда облысында созылмалы бүйрек ауруы диагнозымен "Д" есебінде 599 адам тұр. 310 адам амбулаторлық гемодиализ алуда, туыстық донорлардан бүйрегі ауыстырылған 75 адам.

Облысымыздың барша тұрғындарын тексеруден өтуге шақырамыз: емханада қандағы креатинин мен зәр анализін тексеру.

Денсаулығыңызды күтіңіз! Бүйректеріңізге назар аударыңыз!