​Бүгін 30.12.2021 ж., жаңа жыл қарсаңында көпбейінді облыстық ауруханасында мерекелік іс-шара өткізілді.

Бүгін 30.12.2021 ж., жаңа жыл қарсаңында көпбейінді облыстық ауруханасында мерекелік іс-шара өткізілді.

Барлық қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен аурухананың құрметті директоры Т.Маханов және аурухана директоры Н.Е.Амитов құттықтады.

Аурухананың қызметкерлері "Үздік бөлімше", "Үздік дәрігер", "Үздік мейіргер", "Үздік кіші буын қызметкері", "Үздік шаруашылық қызметкері" номинацияларымен марапатталды.

"Үздік бөлімше" номинациясымен – рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімшесі марапатталды.

"Үздік дәрігер" номинациясымен - кардиология №1 бөлімшесінің меңгерушісі Г.Б.Бержаппарова марапатталды.

"Үздік мейіргер" номинациясымен - нейроинсульт бөлімшесінің мейірағасы Ә.Есниязов марапатталды.

"Үздік кіші буын қызметкері" номинациясымен – №2 нейроинсульттік реанимация бөлімшесінің кіші буын қызметкері М.Ақбисенова марапатталды.

"Үздік шаруашылық қызметкері" номинациясымен - шаруашылық бөлімінің ағаш ұстасы М.Қазбеков марапатталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын!