​БІЗДІҢ МЕЙІРГЕР — СЫР АРУЫ!

Ақ халатты абзал жанның басты қасиеті – мейірім мен жауапкершілік. Ал сол кәсіби болмысқа өнер мен сұлулықты ұштастыра білген жанның бірі Айым Махсатқызы!

Облыстық көпбейінді ауруханасының Госпитальдық фармация бөлімшесінің мейіргері Айым Махсатқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз жас маман.

Ақ халатты абзал жанның жұмысына деген жауапкершілігі жоғары. Сонымен қатар ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.

Өнер – адамның жан дүниесін байытса, медицина – жүрек жылуын талап ететін мамандық. Айым осы екі бағытты қатар алып келе жатқан жас мамандардың бірі.

Айым Махсатқызы Қызылорда қаласында өткен «Сыр аруы – 2026» байқауында бақ сынап, III жүлделі орынды иеленді.

Бұл – тек сұлулықтың ғана емес, таланттың, батылдықтың, еңбекқорлықтың және өзіне деген сенімнің жемісі.

Әріптесімізді жарқын жетістігімен құттықтаймыз!

Ақ халатты абзал маман ретінде де, өнерлі ару ретінде де биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Медицинадағы мейірімі мен өнердегі өрлігі жарасқан Айымға сәттілік тілейміз!