БІЛІКТІ МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерге антикоагулянттық терапияны тағайындауға персональды көрқарас» және «Жедел коронарлы синдромы бар науқастарды жүргізу: диагностика, қауіп факторларын бағалау, емдеу тактикасын таңдау» тақырыбында кардиолог және терапевтер мамандары арасында семинар өтті.
Шараны Қазақстан Республикасында қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын орындау мақсатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды.
А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның интервенционды кардиология және аритмология бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-кардиолог, аритмолог, PhD. FESC ассоциацияланған профессоры Баимбетов Әдил Кудайбергенұлы «Жүрекшелер фибрялляциясы бар пациенттерге антикоагулянттық терапияны тағайындауға персональды көрқарас» тақырбында ақпарат берді.
«Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның кардиология №1 бөлімшесінің меңгерушісі Жунусова Гүлназ Темірбекқызы «Жедел коронарлы синдромы бар науқастарды жүргізу: диагностика, қауіп факторларын бағалау, емдеу тактикасын таңдау» тақырыбында баяндама жасады.
Семинарға облысымыздағы барлық медициналық ұйымдардың кардиолог, терапевт мамандары қатысып, білімдерін жетілдірді.