ДӘРІХАНА

Сейтназарова Мәншук Айтхожақызы

Бөлімше меңгерушісі

Аурухана дәріханасы – медициналық ұйымның маңызды құрылымдық бөлімдерінің бірі. Оның негізгі мақсаты -науқастардың сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен уақытылы қамтамасыз ету. Аурухана дәріханасының дұрыс ұйымдастырылған жұмысы емдеу сапасын арттырып,емделушілердің тезірек сауығуына ықпал етеді.

Аурухана дәріханасы дәрілік заттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және бөлімшелерге тарату жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын бақылау. Дәрілік қордың есебін жүргізу және қажетті мөлшерде қор жинақтау .

Аурухана дәріханасы - емдеу жүйесінің ажырамас бөлігі. Оның сапалы жұмысы науқастардың қауіпсіз ем қабылдауына, дәрілік заттардың дұрыс қолданылуына және емдеу нәтижесінің жақсаруына ықпал етеді.Аурухана дәріханасының жұмысы заман талаптарына сәйкес. Дәріханада дәрілік заттармен мен медициналық бұйымдарды қатаң бақылайтын жоғары мамандандырылған қызметкерлер жұмыс жасайды.

Дәріхана тиісті дәріханалық практика стандартын GPP алған.

Біздің байланыстарымыз.

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі байланыс:356, 119