«АШЫҚ ЕСIК» КҮНI ӨТТІ
Тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында «Дүниежүзілік демікпемен күрес күніне» орай ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне Алматы қаласы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Испаева Жанат Бахытқызы және басқа да аллерголог дәрігерлер қатысты.
Шараға демікпемен ауыратын облыс тұрғындары келіп сырқаттарына сай аллергологтардан кеңес алды.