«Ашық есік күні» өткізіледі

«Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК әкімшілігі 9 наурыз – Дүниежүзілік бүйрек күніне орай «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлайды.

«Ашық есік күні» 09.03.2023ж. сағат 09.00-14.00 аралығында Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 72 мекен жайында орналасқан «Көп бейінді облыстық ауруханасы» кеңес беру диагностикалық бөлімінде өткізіледі.

Бұл күні Қызылорда облысы және Қызылорда қаласының ересек тұрғындарына нефролог дәрігерінің кеңесі ұсынылады (өзіңізбен бірге тексеру нәтижелері болуы қажет).