АҚЫЛЫ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Бисенбаева Рабига Мубараковна
Бөлімше меңгерушісі
Жоғарғы санатты дәрігер
Орталық және шеткері жүйке-жүйелерінің ауруларын анықтау және емдеу мақсатында Ақылы неврология бөлімшесі 25-төсек орынға арналып ашылған.
Науқастарға барлық әлеуметтік жағдайлар жасалған.I-II орындық(палаталар)бар.Бөлімшеде палаталар жаңа төсек орындармен,кереуеттермен,теледидармен, және холодильник,стол-орындықтармен толық қамтамасыз етілген.Бөлімшеде жоғары мамандандырылған мамандармен медициналық көмек көрсетіледі.Емделуші науқастарға зерттеу,диагнозды анықтау,нақтылау мақсатында дүние жүзілік деңгейдегі аппаратуралармен және диагностикалық жабдықтар:Магниттік резонансты томография, мультиспиральді компьютерлік томография және ультрадыбысты зерттеу, ЭЭГ,ЭХОЭГ, Эндоваскулярлық аппараттар(ангиография),ультрадыбысты доплерография,қолданылады.
Неврологиялық науқастарға жоғары санатты мамандармен жан-жақты кеңес беріледі.Науқасына байланысты толық зерттеліп,диагнозы анықталып,тағайындаулар беріледі.
Ақылы жүйке жүйесі бөлімшесінде негізгі жатқызылып,тексерілетін және емделетін науқастар:бас ми қан тамыр аурулары,инсульттан кейінгі жағдайлар,нейроинфекцияның қалдық белгілері(энцефалит,менингит),эпилепсиялық аурулар,бас миының және омыртқа бағанасының жарақаттарынан кейінгі қалдық белгілері,бас ішілік гипертензиялық синдром,церебральді атеросклероз,орталық және шеткі жүйке жүйесінің сал аурулары(невриттер,невралгиялар),қабырға аралық невралгиялар,остеохондроздар(мойын,кеуде,бел)омыртқаларының жарықтары(отаға дейінгі,отадан кеиінгі жағдайлар),протрузиясы дистрофиялық бұлшықет аурулары(миотония,миопатия миастения).Артериальді гипертонияның салдары,Жүйке жүйесіндегі функционалды өзгерістері бар науқастар,невроздар,ұйқысыздық,астено-депрессивтік жағдайлар,бас сақинасы,энцефалопатиялар(әр түрлі уланулардан кейінгі жағдайлар).
Жоғарыда аталған ауруларды емдеу барысында қолданылатын емдік шаралар.Барокамера,сүлікпен емдеу,сумен емдеу,(сусебізгі,су асты бүрку,омыртқаны су асты тарту,бассейн).Аэрозольдік ем,плазмофарез,физиоемдер(парафин,электрофорез,магнит,лазер,амплипульстерапия,УВЧ,артромоттар,омыртқа бағанасын аппарат арқылы созу,балшықпен емдеу,иглорефлекстік емдеу,электросон жүргізілуде. Ақылы неврология бөлімшесінде жылына -600-700 ге жуық науқастар ем қабылдап,айығып шығуда.
Қызметкерлер:
1.Бисенбаева Р.М(бөлім меңгерушісі) - Жоғарғы санатты невропатолог дәрігері.
2.Алмашева Ж.Г - Невропатолог дәрігері
3.Өмірзақ О.А- Невропатолог дәрігері.
Бізбен байланыс:
+7 (7242) 23-51-50
+7 (7242) 23-52-78
+7 (7242) 23-51-96
Ішкі нөмірлер 354, 302, 183,245