АҚЫЛЫ КӨЗ БӨЛІМШЕСІ

Изнатов Жантемир Мырзабекович

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

Орталық 55 төсек орынға арналған, оның ішінде 20-сы ақылы, орталық қазіргі заманға сай офтальмологиялық диагностикалық және емдеу құралдарымен жабдықталған. Атап айтқанда - офтальмологиялық микроскоптар, көз түбін суретке түсіретін аппарат, офтальмологиялық пневмотонометр, ультрадыбысты зерттеу аппараты, авторефрактометр, офтальмометр, көрфункционалды ота жасайтын офтальмологиялық микроскоп, хирургиялық лазер, факоэмульсификатор «Инфинити», компьютерлік периметр және т.с.с. жаңа аппараттар.

Жылына офтальмохирургия орталығында 1500-дей науқас емделеді, олардың 1200-1300 төмендегі тізімдегідей ота жасалады; катаракта факоэмульсификациясы, жасанды көздің ішкі линзасын ауыстыру, глаукомада гипотензивті оталар түрлері, қыли көз түзету отасы, миопияның өсуін тоқтату оталары, қабақ ауруларындағы пластикалық оталар, реваскуляризация оталары, жас ағу жолдарына ота, қасаң қабыққа ет өскенде (птеригиум) отасы, т.б.

2009 жылы факоэмульсификатор « Инфинити» аппараты алынды – бұл аппаратпен ультрадыбыс арқылы катаракта алынып, жұмсақ көздің ішкі линзасы салынады, науқас 2-3 күнде емделіп шығады.

Орталықтың мамандары – жоғарғы санаттағы офтальмолог-дәрігерлері, Қазақстан Республикасының сертификаттарына ие, алыс шетелдерде және ТМД елдерінде білімдерін жетілдірген; бөлімдерінде білімді аяжандар жұмыс жасайды.

Офтальмохиругия орталығында емделетін науқастар түрлері:

•Қабақ аурулары

•Жас ағу жолдары аурулары

•Ақ қабық аурулары

•Қасаң қабық аурулары

•Көздің қабыну аурулары

•Катаракта

•Глаукома

•Тор қабық аурулары

•Жоғарғы дәрежелі миопия

•Көз нерв аурулары

•Қыли көз

•Рефракция ақаулары

•Көз тамырлары аурулары

Офтальмохирургия орталығында өткізілетін тексеру түрлері:

1.Визометрия – көру жітілігін тексеру

2.Тонометрия – қысымын өлшеу

3.Офтальмоскопия – көз түбін тексеру

4.Биомикроскопия – микроскоппен тексеру

5.Авторефрактометрия – рефракция анықтау

6.Периметрия – көрі аумаған тексеру

7.АВ-сканирлеу – ультрадыбысты зерттеу

8.Кераторефрактометрия – қасақ қабықты зерттеу

9.Пневмоофтальмотонометрия – көз қысымын контактасыз ауамен өлшеу

10.Эхобиометрия – көз алмасын өлшеу

11.Ретиноскопия - көз түбін суретке түсіру

Офтальмохиругия орталығы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтымен, бүкіл әлемге танымал офтальмологиялық фирмалармен терең араласады, мамандары республика деңгейінде және халықаралық конференцияларға бірнеше рет қатысқан.

2011 жыл қорытындысымен көп бейінді облыстық ауруханасының офтальмохирургия орталығының көз аурулар бөлімі Қазақстан Республикасының «Үздік клиникасы» дипломымен марапатталды. Офтальмохирургия орталығының мамандарының әртүрлі офтальмология және медицина басылымдарында 20-дан астам публикациялары жарық көрген.

Байланыстелефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі номірлер 134, 146, 216