АНАЛАР МЕРЕКЕСІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Көпбейінді облыстық ауруханада мерекеге орай салтанатты шара өтті. Онда алғы сөз алған аурухананың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы ұжымдағы нәзік жандыларды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы ұжымдағы әрбір қыз-келіншектің аурухана дамуына қосқан үлесі зор екенін айтып, марапаттар табыс етті.
Саналы ғұмырында аурухананың өркендеуіне жемісті еңбек еткен Нұрымбетова Сабира Исамқызы мен Едрешова Күлайым Искендирқызына Құрмет грамотасын табыс етіп, зейнетке шығуымен құттықтады. Ұжымның атынан шапан жауып, ақ жаулық тақты.
Іс-шара ақ халаттылар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.