Акушерлік бөлімше

Ержанова Арман Имангалиевна- бөлім меңгерушісі

Жоғарғы санатты акушер-гинеколог


Эктрагениталды аурулары бар жүкті және босанушы әйелдерді жүргізу және босандыру мақсатында ІІІ деңгейлі көмек көрсететін бөлім 2024жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс жасап келе жатыр. 70 орындық 3 бөлімшеден құралған. Құрамында 4 босану бөлмесі бар, босану алды бөлмесі бар, нәрестені тұрақтандыру бөлмесі бар 30 төсектік акушерлік бөлім.

Бөлімде эктрагениталды аурулары бар жүкті әйелдер субкомпенсация және декомпенсация сатысында бақыланып, босандырылып және Жаңақорған, Шиелі аудандары курацияға алынған. Осы аудандардан жатырдағы 2 және одан да көп тыртықтары бар жүкті әйелдерге жоспарлы түрде кесар тілік отасы жүргізіледі. Соған байланысты кесар тілік отасымен босанған әйелдер үлесі 44,4%.

Облыс бойынша бала жолдасы жолда орналасып жатыр қуысына бекіп еніп өскен жағдайдағы жүкті әйелдерге жүктілер патологиясы бөлімінде бақыланып, жоспарлы кесар тілік отасына алынады. Облыс бойынша алғаш рет ота барысында қан кету мөлшерін азайту және мүше сақтау мақсатында турникеттерді пайдаланып метропластика оталары жасалды, яғни 2,5-3,0л қан жоғалтқан әйелдердің жатыры сақталынды.