​6 ШІЛДЕ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КАРДИОЛОГИЯ КҮНІ!

Бүгін, 6 шілдеде әлем бойынша Дүниежүзілік кардиология күні атап өтіледі. Бұл күн алғаш рет 2000 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен енгізілген болатын.

Кардиолог – жүрек-қан тамырлары жүйесінің сырқаттарын анықтап, емдеп, мыңдаған адамның өмірін құтқаратын аса маңызды мамандық иесі.

Осы айтулы күні Көпбейінді облыстық аурухананың барша кардиолог дәрігерлерін шын жүректен кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздердің жоғары жауапкершілікпен атқаратын еңбектеріңіз – халық денсаулығының кепілі!

Мықты денсаулық, қажырлы еңбек пен толағай табыс тілейміз!

Жүректер тоқтамасын, жүректер аман болсын!