№2 ​КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Лепесов Нурболат Мылтыкбаевич

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

Кардиология №2 бөлімі 1999 жылы кардиореанимация бөлігімен 2 терапия бөлімі негізінде құрылды. Кардиология бөлімі кардиологиялық аурулардың негізгі түрлерін емдеумен айналысады. Маманданған негізгі –диагностика (инвазивті және инвазивті емес) және жүрек, тамыр аурулары емі. Кардиология бөлімі науқастарға жүрек тамыр ауруларының барлық диагностикасымен емін ұсынады. Дәрігерлер құзырында ангиографиялық жүйе, ядерлы –магнитті резонанс, жүректің электрофизиологиялық зерттеу құрылғысымен жүрек аритмиясы емі және компьютерлік томограф бар.

Бөлімшеде сондайақ тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу жасалады, іш қуысы мүшелері тамырлары, бас және аяқ –қол ангиографиясы және қажет жағдайларда стент имплантациясы жасалып, отасыз емге мүмкіндік жасалады.

Бөлімшеде тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайтын биохимиялық зертхана, сондай-ақ экспресс диагностикалық зеттеулер, бөлімшеде жасалады:

- электрокардиография

- рентгенография

- компьютерлік томография

- миокард бүйрек, өкпе сцинтиграфиясы,

- УДЗ

- ЭКГ холтерлік мониторингі

- стресс ЭХОКГ

Диагностика, дифференциялық диагностика және ем:

- жүректің барлық ишемиялық ауру түрлері

- жүре пайда болған жүрек ақауы,

- жүрек жетіспеушілігі

- тамырлар ақауы

- қолқа зақымдалуы

- жүректің басқа ақаулары

- миокардиттер

- перикардиттер

- кардиомиопатиялар

- перпартальді кардиомиопатиялар

- жүрек ишемиялық ауруы

- артериалды гипертония

- семіздік және қант диабеті косарлануы

Емдеу мүмкіндіктері:

- медикаментозды (жеке фармакотерапиялық таңдау)

- психотерапиялық

- аритмияның эндоваскулярлы емдеу әдісі

- ишемиялық жүрек ауруымен артериалды гипертензияның эндоваскулярлы емдеу әдісі

- тәж артерияларының баллондық ангиопластикасы

Бөлімшеде науқастарға жасалатын ем:

- Әртүрлі себепті жүрек ырғақ бұзылысы

- Әртурлі этиологиядағы жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі

- Артериалды гипертензия

Кардиореанимация бөлімі жаңа заманауи үлгідегі диагностикалық және емдік құрылғылармен жабдықталған.

Барлық дәрігерлер жоғары маманданған кардиологиялық сертификаттардан бөлек анестезиолог-реаниматолог сертификаттары бар.

Осы барлық жүйелік кез-келген себептегі жедел ауыр жағдайда жоғары сападағы маманданған көмек көрсетуге мүмкіндік болады. Науқас критикалық жағдайдан шыққан соң емін кардиология бөлімінде жалғастырады.

Кардиология №2 бөлімінде диагностикамен емнің заманауи әдісі қолданылады. Сондай-ақ барлық жағдаймен жабдықталған бір және екі адамдық бөлмелер бар. Бөлімше Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы Ғылыми хирургиялық орталықпен. Астана қаласындағы Кардиология ғылыми зерттеу институты және Ішкі аурулар Ғылыми Ұлттық хирургия орталығымен тығыз байланыста.

Біздің байланыс телефондарымыз:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі телефондар: 207, 366, 237