№1 ​КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Жунусова Гульназ Темирбековна

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер-кардиолог

№1 кардиология бөлімшесі - заманауи клиникалық кардиологияның сұранысына сәйкес«Жедел коронарлы синдром ST сегментінің көтерілуі және көтерілуінсіз» диагноздарымен, миокард инфарктісінің жедел, жеделдеу кезеңдерінде мамандандырылған стационарлық жедел көмек көрсетуге қабілетті, көпсалалы облыстық ауруханасы, кардиологиялық орталығының мамандандырылған бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Кардиология бөлімшесі науқастарға тексеру мен емдеудің толық курсын, соның ішінде зертханалық және аспаптық диагностиканы, стационарлық емдеуді қамтамасыз етеді. Жедел жағдайларда пациенттерге шұғыл госпитализацияға және шұғыл коронароангиография, ангиопластика, коронарлық артерияларды стенттеу сияқты әртүрлі араласулар жасалады.

№1 кардиология бөлімі 55 төсек орынға арналған. Бұл бөлімде зертханалық диагностиканың бүкіл кешенін жылдам орындауға болады, оның ішінде тропонин I, Т және D-dimer деңгейін анықтау және аспаптық диагностика, соның ішінде ЭКГ, эхокардиография, рентген және ультрадыбыстық әдістер. Бөлімшенің диагностикалық өңеш арқылы эхокардиографияны жүргізу мүмкіндігі бар.

Кардиологиялық бөлімнің негізгі бағыттағы жұмысы болып:

  • жедел миокард инфарктісімен, жедел коронарлық синдроммен, үдемелі стенокардиямен ауыратын науқастарды емдеу, оның ішінде шұғыл коронарлық ангиографияны, баллонды ангиопластиканы және коронарлық артерияларды стенттеуді қолдану және кейіннен толық кешенді жүрек реабилитациясы;
  • эндоваскулярлық хирургиялық араласуға дайындық: баллонды ангиопластика және коронарлық артерияларды стенттеу;
  • науқастарды аорто- коронарлық шунттау операциясына дайындау;

Жоғары маманданған қызметтен бөлек бөлімшеде жоғары дәрежеде жағдай жасалған, атап айтқанда бір, екі, үш адамдық әжетхана, душы бар бөлмелерден тұрады.

1 кардиология бөлімінің ұжымы жүрек-қан тамырлары патологиясының алдын алу және емдеуде үлкен тәжірибеге ие. Облыстық медицина орталығының кең диагностикалық (зертханалық және аспаптық) базасы қысқа мерзімде дәл диагнозды қоюға мүмкіндік береді, ал кардиологтар мен басқа мамандықтағы дәрігерлердің (офтальмолог, невропатолог, эндокринолог, хирург және т.б.) өзара ынтымақтастығы оң нәтижелі емдеудің және қолайлы болжамның кепілі болып табылады. Кардиология бөлімшесінің рентгенэндоваскулярлы бөілім, кардиохирургия, кардиологиялық реанимация және кардиологиялық оңалту бөлімдерімен тығыз байланысы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің басты мақсатымыз – пациенттерімізге жоғары білікті және тиімді медициналық көмек көрсету. Біздің дәрігерлердің кәсібилігі мен тәжірибесі сіздің денсаулығыңыздың мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бөлімшеде Қазақстан Республикасының орталық клиникаларында біліктілігін арттырған санатты дәрігерлер жұмыс істейтінін айта кету керек. Бөлімшеніңмамандары «Жедел коронарлы синдром» бойынша республикалық және халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға белсенді қатысады. Сондай-ақ, көпшілігі бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар медбикелер.

Дәрігерлер:

Жунусова Гульназ Темірбекқызы - бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер

Абишев Галымжан Алимханұлы - дәрігер-ординатор, жоғары санатты дәрігер

Махамбетова Айгүл Сұлтанбекқызы- дәрігер-ординатор,УДЗ маманы, жоғары санатты дәрігер

Сембиева Меруерт Нағашыбайқызы - дәрігер-ординатор, бірінші санатты дәрігер

Тұңғышбаева Перизат Болтабекқызы - дәрігер-ординатор, бірінші санатты дәрігер

Жұмабек Тілек Қанатбайұлы- дәрігер ординатор

Нәлібай Нурулла Сайфуллаұлы- дәрігер ординатор

Біздің телефондарымыз:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі нөмерлер: 244, 275, 111