«ҮЗДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ»
Аурухананың шаруашылық бөлімінің жұмысшысы Қазбеков Марат Жаматұлы ғимараттың сан алуан шаруашылық жұмыстарын мінсіз атқарып, еңбекқорлығы, жауапкершілігі және өз ісіне деген адалдығы үшін марапатталады.
Осындай өз ісінің нағыз шеберлерінің арқасында аурухананың инфрақұрылымы жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Марат Жаматұлына арнайы дипломмен Кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйлығы табыс етілді.
Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, еңбегіне табыс, отбасына бақыт тілейміз!







