«ҮЗДІК КІШІ БУЫН ҚЫЗМЕТКЕРІ»

Кеңес беру-диагностикалық бөлімшесінің шаруа иесі Саменова Қазына Туралиқызы жыл қорытындысына орай «Үздік кіші қызметкер» аталымы бойынша марапатталады.

Аурухананың тазалығы мен санитарлық тәртібін жоғары деңгейде сақтауға қосқан зор үлесі, өз ісіне деген жауапкершілігі, тиянақтылығы және адал еңбегі үшін Қазына Туралиқызын аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы дипломмен және Кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйлығымен марапаттады.

Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз, мықты денсаулық, отбасына амандық, алдағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз!