«ҮЗДІК БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ»

Аурухананың акушерлік бөлімінің меңгерушісі Ержанова Арман Иманғалиқызы «Үздік бөлім меңгерушісі» номинациясы бойынша марапатталды.

Арман Иманғалиқызы басшылық ететін Акушерлік бөлім өткен жылы ашылды. Қазір онда 15 штаттық акушер еңбек етеді. Білікті мамандар аналарды босандырып, баласымен үйге шығарылғанша денсаулықтарын жіті бақылайды.

Аурухананың акушерлік бөлімінде жыл басынан бері 1677 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 36 егіз және 1 үшем бар. Ал жансақтау және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде 623 нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.

Арман Иманғалиқызы жиырма үш жылдан бері өз мамандығы бойынша жемісті қызмет етіп келеді. Білікті маман облыс аналарының алғысына бөленіп жүр.

Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз! Бөлім қызметі жандана берсін! Шаңырағыңызға шаттық, деніңізге саулық тілеймін!