«ҮЗДІК АҒА МЕЙІРГЕР»
Бұл мәртебелі аталым бойынша Кардиореабилитация бөлімшесінің аға мейіргері Аширова Роза Жамбылқызы марапатталды.
Роза Жамбылқызы кәсіби біліктілігімен, жоғары жауапкершілігімен және орта буын қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастырудағы үлгілі еңбегімен ерекшеленеді. Науқастарға сапалы күтім көрсету мен медициналық қызмет сапасын арттыруға қосқан үлесі ерекше.
Бүгінде ауруханада 672 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде:
• 78 қызметкер — академиялық бакалавриат,
• 143 қызметкер — қолданбалы бакалавриат бойынша білім алған.
Жоғары санатты- 247 қызметкер,
Бірінші санатты – 62 қызметкер,
Екінші санатты- 32 қызметкер еңбек етеді.
Аурухананың орта буын қызметкерлерінің қызметін үйлестіріп, мейіргерлік істің дамуына жетекшілік ететін Бас мейіргер қызметін өткен жылдан бері Сақтағанова Айткул Раушанбекқызы атқаруда.
Роза Жамбылқызын лайықты марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!







