ҰЖЫМ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Көпбейінді облыстық ауруханада салтанатты іс-шара өтті.
Алғы сөзді аурухана директоры Жасұлан Баймаханов алып, әріптестерін мемлекеттік мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, аурухананың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы да сөз сөйлеп, ұжымға ізгі тілегін арнады.
Мерекелік жиын барысында бірқатар қызметкерлер Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» облыстық кәсіподағы атынан және аурухана әкімшілігі тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Іс-шара соңында жергілікті өнерпаздар ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.







