РАҚМЕТ, САҒАН ҰЛУ ЖЫЛЫ!!!
Көпбейінді облыстық аурухана ұлу жылын қорытындылады.
Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты шарада аурухананың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы әріптестерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Директор Жасұлан Болатбекұлы да өтіп бара жатқан ұлу жылы аурухана ұжымы үшін табысты жыл болғанын айтып, жаңа жылда да жемісті еңбек етуге шақырды.
Мұнан соң Жасұлан Болатбекұлы ұжымға ауруханада 11-ай бойы атқарылған іс-шаралармен таныстырды. Жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерді марапаттап, кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сыйлықтар мен Monamie.kz дүкеніне сертификат табыс етті. Шара ұжым қызметкерлерінің мерекелік ән шашуына ұласты. Ұлу жылына рақмет айтып шығарып салып, жылан жылын құрметпен қарсы алды.
АУРУХАНА ҰЖЫМЫНА ЖАҢА ЖЫЛ МОЛ ЖЕТІСТІК ӘКЕЛСІН!