ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті.
Іс-шарада аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлсім Балтабайқызы құттықтау сөз сөйлеп, барша әріптестерге мерекелік лебізін жеткізді. Сонымен қатар, белсенді еңбегімен көзге түскен бірқатар қызметкерлерге мекеме директорының Алғыс хаты табысталды.
Бөлім басшылары арнайы видео құттықтау жолдаса, ақ халатты арулар ән айтып, би билеп, әсерлі көріністер қойып, кештің көркін аша түсті. Кәсіподақ ұйымы тарапынан мерекеге орай сыйлықтар ұсынылды.