​ОБЛЫС ОФТАЛЬМОЛОГТАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

«Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның мәжіліс залында «Офтальмологияның өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

Семинар Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын енгізу туралы бұйрықты негізге ала отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға аймақтағы барлық медициналық ұйымдардың офтальмолог мамандары қатысты.

Семинар барысында мамандар офтальмологиялық көмектің сапасын арттыру, заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдану мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.