​ЗЕРТХАНАШЫЛАР БІЛІКТІЛІК АРТТЫРДЫ

29-30 ақпан аралығында Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Зертханалық медицинаны дамытудың ұлттық орталығы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен "Медициналық зертханаларға қойылатын талаптар ұлттық стандарт бойынша аккредиттеу және ҚР СТ ISO 15189-2023 "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар" тақырыбында зертханашыларға арналған оқыту курсы өтті.

Шараны Ұлттық аккредиттеу орталығының бағалаушысы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Батырбаева Динара Жармухановна өткізді.

Білікті маманнан зертханашылар мол тәжірибе алып, сұрақтарына жауап тапты.